2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен білім беру процесін ұйымдастыру

2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен білім беру  процесін ұйымдастыру

Қонаев қаласы «Ақдидар»  балабақшасы базасында мемлекеттік, жекеменшік, шағын орталық, мектепалды даярлық сынып педагогтеріне  әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әдістемелік орталық әдіскер Р.Тумаева «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, айлық перспективалық жоспар мен апталық циклограмманы тиімді жоспарлау жолдарын ұсынды. Шараға Қонаев қаласы мен Балқаш ауданынан 48 педагог қамтылды.