
Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының жылдық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 06-17 маусым аралығында педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатында «Python. Бағдарламалауға кіріспе» тақырыбында 40 академиялық сағаттық курсы өткізілді. Текелі қаласы, Көксу, Ескелді аудандарының информатика пән мұғалімдері қатысты.
Курс жалпы мазмұны өзара бірлескен информатика пәні бойынша 6-10 сынып бағдарламасының тақырыптарын қамтыған 7 модульден тұрады. Курс барысында Python және бағдарламалауды мектеп оқушыларына сабақта пайдаланылатын жаңа әдіс тәсілдер мен ақпараттық технологияларды практикада тиімді қолдану жолдары тәжірибе жүзінде ұсынылды. Курс соңында мұғалімдер алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, қорытынды аттестаттау нәтижесін жақсы көрсетіп, сертификаттарға ие болды.