
Бүгін Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының «Техник құрылысшы» біліктілігі бойынша «Project Supervision» (NCCER) бағдарламасына сәйкес халықаралық салалық бағалаудан өту процесі жүргізілуде.
Осыған орай, 6-8 маусым аралығында APEC TC компаниясы колледж қызметкерлері мен техникалық базаның жабдықталуы бойынша инспекциялық бақылау жүргізілді. Аталған шара барысында APЕС TC өкілдері NCCER қызметі және аккредиттеу процесінің презентациясын таныстыру мақсатында колледж ұжымымен кездесу өткізді. Сонымен қатар, құжаттар пакетін жинау және материалдық техникалық базаны, оқу аудиториялар мен шеберхана меңгерушілерімен әңгімелесу жүргізілді. Халықаралық салалық бағалаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі халықаралық аккредиттеуден өту үшін барлық NCCER ережелеріне сәйкес екендігін дәлелдеді.
Айта кетейік, Халықаралық салалық аккредиттеу шеңберінде колледжде «Жас Маман» жобасын іске асыру бойынша Жол картасы және халықаралық салалық бағалау, сондай-ақ шетелдік әріптестердің ұсыныстарына сәйкес стратегиялық жоспар әзірленді. Сонымен қатар, IT бағыты бойынша City & Guilds (Ұлыбритания) компаниясымен келіссөздер жүргізілуде.