
Алматы облысы білім басқармасы мен Шелек политехникалық колледжі «Жас маман» жобасы аясында ағымдағы жылы 15 маусымда «Жас маман жобасы – құзыретті маман даярлау кепілі» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинарға Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Исагулова, колледждің әлеуметтік серіктестері «Жетісу Вольфрамы» ЖШС-нің кураторы Мукан Данияр, «Арман» шаруа қожалығының басшысы А.Дауткулов, «Атамекен» ҰК облыстық және аудандық палатасының бас мамандары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогтері қатысты.
Пленарлық отырыста басқарма басшысының орынбасары Г.Исагулова кәсіптік білімге енгізіліп отырған өзгерістерге тоқталды. Шелек политехникалық колледжінің директоры Қ.Дуйсебаев «Жас маман» жобасы аясында атқарылған жұмыстары туралы айтса, әлеуметтік серіктестер мен «Атамекен» ҰК мамандары өндіріске қажетті кадрларды дайындау мәселелері туралы талқылады.
Тәжірибелік алаңда директордың өндірістік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары С.Байсубанов «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша алынған заманауи құрылғылармен таныстырып, әлеуметтік серіктестер, өндірістік оқыту шеберлері мен білім алушылар заманауи құрылғыларда автомобильге көрсетілетін қызмет түрлерінен шебер-класстар көрсетті.