
ҚР БҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты: мектепке дейінге ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін қолдау, ынталандыру, тәжірибені және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру.
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» облыстық байқауының қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар белгіленді:
І орын – М.Бупежанова, Талдықорған қаласы №45 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі;
ІІ орын – Н.Камитова, Панфилов ауданы «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі;
ІІІ орын – А.Жақсылықова, Текелі қаласы №4 балабақша тәрбиешісі.
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының жеңімпазы Талдықорған қаласы №45 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі М.Бупежанова үшінші республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.