
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен Алматы облысының Талдықорған қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында спорттың баскетболдан (ұлдар, қыздар) және үстел теннисі 2 түрі бойынша өткізілген «Ұлттық спорт лигасы» республикалық жарысы өз мәресіне жетті.
Баскетболдан ұлдар арасында I - орынды Алматы облысы, II - орынды Ақтөбе облысы және III - орынды Нұр-Сұлтан қаласының колледждері;
Баскетболдан қыздар арасында I - орынды Ақмола қаласы, II - орынды Нұр-Сұлтан қаласының және III - орынды Қарағанды облысының колледждері;
Үстел теннисінен I-орынды Алматы облысы, II-орынды Түркістан облысының және III-орынды Ақтөбе облысының колледждері иеленді.
Республикалық жарыс жеңімпаздары кубоктармен, медальдармен, арнайы дипломдармен және «Үздік ойыншы» номинацияларымен марапатталды.