
«Кәсіби шеберлік» жобасы аясында «Жас маман» жобасына енген колледждердің тәжірибесін ұсыну мақсатында Көксу ауылшаруашылық колледжі базасында «Жас маман» жобасы – құзыретті маман даярлау кепілі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарда білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі басшысы Ш.Исаханова, колледждің әлеуметтік серіктестері Кәсіпкерлер палатасының Ескелді аудандық филиалының директоры А.Солтанбек, «ТАТЭК» АҚ сенімділік және техника қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Р.Лятиев, Көксу АЭЖ бастығы Е.Андакулов, «Хильниченко және К» КС төрағасы В.Хильниченко қатысып, кәсіптік білімге енгізіліп отырған өзгерістер мен жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Тәжірибелік алаңда колледж директоры М.Қарасаев «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Электрмен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілген заманауи қондырғылармен таныстырды. Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары кіріктірілген шебер-класстар көрсетті.