
Білім басқармасы 2022 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында онлайн жәрмеңкеге қатысып, білім басқармасының бас мамандары Н.Жексембаева мен Ж.Асанова білім беру саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша толық ақпарат берді. Тікелей эфирдің соңында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сұрақ- жауап жүргізілді.