Жасөспірімдер арасындағы буллингтік әрекеттердің алдын алу

Жасөспірімдер арасындағы буллингтік әрекеттердің алдын алу

2022 жылғы 02 маусымда облыстық білім басқармасының                        2022 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес жасөспірімдер арасында буллингтік, кибербуллингтік әрекеттердің алдын алу, педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету, өзін-өзі құрметтеуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу, психологиялық, психокоррекциялық қызметті сапалы жүргізу мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы буллингтік және кибербуллингтік әрекеттердің алдын алу шаралары» тақырыбында колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, психологтарына, топ кураторларына және ата-аналарға арналған облыстық онлайн семинар-тренинг өткізілді.

Семинарға облыстық облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, педагог-психолог Қыдыкенова Д.Ж., С.Демирель атындағы университетінің колледжі директорының орынбасары, педагог-психолог Абдуллаева С.С., Талғар ауданы №12 орта мектептің педагог-психологы Естемесова М.Қ., Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің педагог-психологы, психологтар одағының мүшесі Хабаева Ж.Д. қатысып іс-тәжірибелерімен және өз ойларымен бөлісті.