
2022 жылғы 27 мамырда «Балалар жылын» қолдау, техникалық және кәсіптік мамандықтардың мәртебесін арттыру, кәсіби бағдар жұмыстарының сапасын жетілдіру мақсатында «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» атты облыстық байқау өткізілді.
Байқауға 21 колледжден 24 студент қатысып, «Менің болашақ мамандығым», «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!» және «Мамандығым мақтанышым!» тақырыптарында 3 кезең бойынша өтті.
Байқаудың қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлдені Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенті Каркеев Темірлан, I-орынды І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті колледжінің студенті Мұхтарбекқызы Елнұр, II-орынды Ақсу политехникалық колледжінің студенті Рахманов Данияр, III-орынды Алматы экономикалық колледжінің студенті Токтасынова Малика иеленді.
Жүлдегерлер дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.