
Ұлттық ustaz-онлайн академиясы, «Қыздар ұлттық педагогикалық университеті» (Қазақстан), GLOBAL LAB, SKILL FOLIO, RU-GENERATION (Ресей, Украина) стратегиялық серіктестікте мектепті басқару аудиті, табысты білім беру моделін құру, мектеп менеджерлерін даярлау, стратегиялық және жобалық басқару саласындағы құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында біліктілік арттыру курсынан өткен Жамбыл ауданы С.Бердіқұлов атындағы ОМ басқару командасы мен «COMUNITYPLUS мәдени-әлеуметтік және білім беруді дамыту қоры» қоғамдық қорының ынтымақтастық жұмыстарының қорытындысы бойынша семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренинг мақсаты: қазақстан мұғалімдері арасында ынтымақтастық аясын кеңейту, қолдау.
Бірлескен жұмыс аясында еріктілер мен мектеп қоғамдастығының көмегімен ескі қосымша ғимарат комьюнити - орталығына айналды. Қазір уақытта осы орталықта мектептің іс-шаралары, мұғалімдерге арналған тренингтер, балалардың бейресми кездесулері өтеді. COMMUNITYPLUS қоры, мектепті басқару командасы мектеп мұғалімдері мен оқушылары үшін «жұмсақ» дағдыларды дамыту бойынша (қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік негіздері, командалық жұмыс, жобалық қызмет, эмоционалды интеллект және т.б) онлайн және офлайн тренингтер өткізді.