Ташкентте орталық азия жастар форумы өтті

Ташкентте орталық азия жастар форумы өтті

Өзбекстан Республикасының бастамасымен Орталық Азия мемлекеттерінің үшінші Консультативтік кездесуі  Өзбекстан Президентінің ұсынуымен және Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Халықаралық форум барысында: жастарға арналған әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламаларды одан әрі іске асыру, мәдени-гуманитарлық саланы дамыту үшін Орталық Азия өңірі елдерінің зияткерлік жастар элитасы мен ақпараттық технологиялар секторы, жастар ұйымдары өкілдері арасындағы аймақаралық өзара іс-қимылды арттыру және нығайту мәселелері; сондай-ақ, Орталық Азия елдері арасындағы бауырластық, достық қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.  

Форумға Қазақстан Республикасы Алматы облысының атынан Жамбыл ауданы Ә.Бесеуов атындағы ОМ физика пәні мұғалімі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасынмен тағайындалған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегері Даулешияр Бақытәлі қатысты.