«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» облыстық байқауы

«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» облыстық  байқауы

ПМПК мамандарының кәсіби белсенділігін арттыру, үздік жұмыс тәжірибесін анықтау, озық диагностикалық-консультациялық қызмет тәжірибесінің таралуы мен насихатталуына ықпал ету мақсатында «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» облыстық байқауы  өтті. 

Облыстық комиссия шешіміне байланысты «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» облыстық байқауының «Алматы облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының үздік маманы» атағының жеңімпазы  Абдуалиева Асем Нурсагиевна, №2 ОПМПК педагог-психологі иеленді.

Комиссия шешіміне байланысты төменде аты аталған педагогтер номинация иегерлері болып танылды:

  • «Педагогтің үздік видео-визиткасы» номинациясы бойынша Қанәлі Гүлнар Әділқызы, №6 ОПМПК сурдопедагогі;
  • «Баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін үздік бағалау» номинациясы бойынша Лефарова Наталья Ивановна, №5 ОПМПК дефектологі;
  • «Отбасына үздік консультация беру» номинациясы бойынша Мукашева Толкын Мухаметбаевна, №4 ОПМПК педагог-психологі;
  • «Баланың дағдыларын отбасында дамытудың үздік үй бағдарламасы» номинациясы бойынша Седалиева Галия Аклжановна, №1 ОПМПК педагог-психологі;
  • «Педагогтерге үздік консультациялық–әдістемелік көмек» номинациясы бойынша Кулманбетов Аслан Турсынгазыевич, №3 ОПМПК педагог-психологі.

«Алматы облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының үздік маманы» атағын алған №2 ОПМПК педагог-психологі Абдуалиева Асем Нурсагиевна екінші республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.