
Оқушыларды STEAM-ойлауға, инновациялық технологияларды игеруге бейімдеу, болашақ мамандықтарға дайындау құралы ретінде оқытудағы STEAM тәсілі мен заманауи цифрлық ресурстарды пайдалану мүмкімдігін қарастыру мақсатында «Оқытуда STEAM тәсілі мен заманауи цифрлық ресурстардың мүмкімдіктерін пайдалану» тақырыбында Талдықорған қаласындағы №28 IT мектеп-лицейі тәжірибесінен семинар өтті.
Аталған шарада мектеп директоры Г.Еспанова, физика пәні мұғалімі Д.Қуатбаева STEAM тәсілі мен заманауи цифрлық ресурстарды енгізудің қажеттілігіне, мүмкіндіктеріне тоқталса, пән мұғалімдері біріктірілген сабақтарды ұсынып, тиімді тәжірибелерімен бөлісті.