
2022 жылдың 24 мамырында білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментімен бірлескен «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллаларды түсіндіру» тақырыбында жиын өткізді.Аталған шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім беру мекемелерінің басшылары қатысып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Б.Абенов аталған мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, білім басқармасы басшысының м.а. Ж.Сүлейменова оқу жылының аяқталуына орай білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әртүрлі себептермен ақша жинауға жол бермеу және ақша жинау фактілерін болдырмау мәселесі бойынша ескерту айтылды.