Тәрбие жұмысында білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тиімді әдістер

Тәрбие жұмысында білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тиімді әдістер

Білім алушыларда жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағыттаудың тиімді әдіс-тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Көксу ауданы, Қ.Жалайыри атындағы ОМГ-нда жалпы орта білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған  «Тәрбие жұмысында білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тиімді әдістер» тақырыбында  аймақтық семинар өтті.

Аталған шарада Қ.Жалайыри ОМГ-ның сынып жетекшілері Ж.Абишева «Экологиялық форум», А.Иманбаева «Ерлік-елдің қасиеті, жүректіліктілік- жігіттің қасиеті», З.Темирғали «Абай-дана, Абай-дара қазақта» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді.

Оқу-әдістемелік орталығы әдіскері К.Усенова аудан бойынша тәрбие жұмысының жүйесі: құрылымы мен бағыттары туралы таныстырылым жасады. Қ.Жалайыри ОМГ-ның  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Мейрбекова тәрбие үрдісінде  интерактивті сервистерді қолданудың тиімділігі және ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысының ерекшеліктері, Т.Исабаев ОМ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Гусенов оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту,  Жамбыл ОМ-нің тәрбие мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Адилкожаев және А.Биназаров мектепішілік бақылауда тәрбие жұмысын тиімді жүзеге асыру, Н.Алдабергенов ОМ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Түбекбаев жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарының тиімді формалары мен әдістері, Жетыжал ОМ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Нұрғалиев және  М.Жабел үштік одақ – балаға жан-жақты тәрбие берудің негізі, М.Құрманов ОМ-нің әлеуметтік педагогі С.Шалбаева әлеуметтік педагогтың жұмыс жүйесі бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.