
«Табысты мектеп акселераторы» жобасы аясында Қарасай ауданы Алмалыбақ ОМГ-ның даму жоспары негізінде «Mentor School – 2025» жобасын әзірледі. Мектеп-гимназия «Мұғалім – Мұғалім», «Мұғалім – Оқушы», «Оқушы – Оқушы», «Мұғалім – Ата-ана», «Мектептің бітімгершілік қызметі» атты 5 бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізді.
Ағымдағы жылдың 21 мамырында «Mentor School – 2025» жобасын іске асыруда менторлар мен ментилердің қарым-қатынас нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында мектеп-гимназия «Аul RESORT» демалыс орталығында «Тәлімгерлік – заманауи мектептегі коммуникацияның жаңа дизайны» атты педагогикалық идеялар форумын өткізді.
Мақсаты – білім беру ұйымдары басшылары, мұғалімдері, мүдделі тараптардың интеграциясы, заманауи мектепте жаңа ұғымдар мен құндылықтарды құруға көмектесетін педагогтердің құзыреттілігін қайта құру.
Форумға философия ғылымдарының докторы, Еуразиялық халықты басқару орталығының білім беру бағдарламаларының жетекшісі, Қазақстандағы білім беру ұйымдарын трансформациялау бойынша сарапшы Канагатова Алмагүл Медихатовна, Еуразиялық адамдарды басқару орталығының білім беру бағдарламаларының жетекшісі Сұлтанбек Кайым, «COMUNITYPLUS мәдени-әлеуметтік және білім беруді дамыту қоры» қоғамдық қорының құрылтайшысы Эльмира Карманова, сертификатталған бизнес-тренер, РСС, МВА коучы Нургуль Курманова, «Digital Ustaz Almaty 2021» байқауының жеңімпазы, Galaxy International School гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Калиев Сағынғали Зейноллаевич, педагогика ғылымдарының магистрі, докторант, Спорт және туризм академиясының ТОФКиС кафедрасының аға оқытушысы Копжанов Ғалымжан Балыкбаевич, Спорт және туризм академиясының магистранты Дүйсембек Аблай Сәмбебайұлы және «Аналар үйі» ресурстық орталықтың үйлестірушілері мен «Қазақстан волонтерлар лигасының» өкілдері педагогика саласындағы озық тәжірибелерімен, білім беру саласының болашағы мен жаңа технологиялардың әсері, оқыту саласындағы ғылым жетістіктері мәселелері бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті.