
«Алматы облысының білім басқармасы» ММ Облыстық білім беруді дамыту оқу – әдістемелік орталығы 2022 жылдың 19-20 мамырында Қапшағай қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында жас педагогтерді қолдау, республикалық деңгейде тәжірибе алмасу мақсатында «Жас мамандардың кәсіби дамуы: білім берудегі жаңа тренд, жаңа қөзқарас» тақырыбында республикалық жас мамандар форумын өткізді. Форумға философия ғылымдарының докторы, Еуразиялық халықты басқару орталығының білім беру бағдарламаларының жетекшісі, Қазақстандағы білім беру ұйымдарын трансформациялау бойынша сарапшы Канагатова Алмагүл Медихатовна, Еуразиялық адамдарды басқару орталығының білім беру бағдарламаларының жетекшісі Сұлтанбек Кайым, «COMUNITYPLUS мәдени-әлеуметтік және білім беруді дамыту қоры» қоғамдық қорының құрылтайшысы Эльмира Карманова, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мамандары, республикамыздың әр өңірінен жас мамандар мен республикалық «Үздік педагог» конкурсының грант иегерлері қатысты.
Форум жұмысы педагогикалық шеберхана, жас мамандардың сәтті тәжірибелер панорамасы, шеберлік сағаттар кейсі мен идеялар панорамасымен жалғасып, қазіргі білім берудегі жаңа трендтер мәселесі талқыланды.