«Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты шарты» тәжірибе алмасу вебинары

«Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты шарты» тәжірибе алмасу вебинары

Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын, санасын,  мәдениетін арттыруға бағытталған тәжірибелермен бөлісуде «Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты шарты» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары  өтті.

Аталған шарада облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының  әдіскері Қуанышбаев Қайрат Серикұлы «Құқықтық білім - Құқықтық тәрбие» тақырыбында таныстырылым жасаса,  Жамбыл ауданы,  А.Қарсақбаев атындағы ОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Ұйқасова баланың қауіпсіздігін сақтау мен бала құқығын қорғауда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстары, Қонаев қаласындағы №3 ОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Абикенова құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілетін жоба жұмыстарының тиімділігі, Текелі қаласы №6 ОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Акшолакова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мектебінің жұмыс жүйесі туралы және Талдықорған қаласы №19 ОМГ директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары А.Қожекенова мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.