
Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортаны танып білуге құштарлығына қолдау білдіру арқылы бала тұлғасының интеллектуалдық, шығармашылық дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне ықпал ету мақсатында «Мен зерттеушімін» облыстық мектепке дейінгі жастағы балалар байқауын өткізді.
Байқау комиссиясының шешіміне байланысты төменде аты-аталған педагогтер «Мен зерттеушімін» байқауының жеңімпаздары деп танылды: І орын – Л.Низамединова Текелі қаласы №3 балабақша тәрбиешісі; ІІ орын – А.Капаева, Еңбекшіқазақ ауданы «Келешек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі; ІІІ орын – З. Бекпутанова, Текелі қаласы № 2 балабақшасының тәрбиешісі; ІІІ орын – З.Кобикова, Панфилов ауданы «Таңшолпан» балабақшасының тәрбиешісі иеленді. Облыстық кезеңнің І орын жеңімпазы Текелі қаласы №3 балабақша тәрбиешісі Л.Низамединованың жұмысы байқаудың Республикалық кезеңіне жіберілді.