
«Табысты басшы» жобасы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудағы озық іс-тәжірибелерді тарату, әдістемелік сүйемелдеу мақсатында «Балабақшаны басқарудағы инновациялық қызмет» тақырыбында Сарқан ауданы Екіаша ауылы «Балдәурен» бөбекжай-бақшасында меңгерушілерге арналған аймақтық тәжірибе тарату семинары өтті.
Іс-шара барысында «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі А.Абдульдинова тәрбиеленушілермен сауықтыру-шынықтыру, вирустық инфекцияның алдын алу мақсатында ашылған табиғи тұзды бөлменің жұмысын көрсетіп, кезекті мемлекеттік аттестаттаудан өткен балабақша ретінде семинарға қатысушы меңгерушілерге мемлекеттік аттестаттаудан өтуіге дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша таныстырылым жасады.
Сонымен қатар, Алакөл ауданы «Әдем-ай» балабақшасының меңгерушісі С.Джанаева балабақша жұмысын басқару мен жетілдіру тұстарын талқыласа, Ақсу ауданы «Кәусар» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Г.Ахметова балабақшада ұлттық тәрбие берудегі басымдықтар бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Шараға Ақсу, Көксу, Алакөл, Сарқан ауданының мемлекеттік, жекеменшік балабақша меңгерушілері қатысты.