Аймақтық семинар

Аймақтық семинар

«Табысты басшы» жобасы аясында мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудағы озық іс-тәжірибелерді  тарату, балабақша меңгерушілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Балабақшаны басқарудағы инновациялық қызмет» тақырыбында Панфилов ауданы Нұркен қалашығы «Арай» балабақшасында аймақтық тәжірибе тарату семинары өтті.

Іс-шарада барысында «Арай»  балабақшасы меңгерушісі Р.Исабекова шығармашылық шеберхана көрмесінде балабақшада заттық-кеңістіктік дамытушы орта құруда педагогтермен жүргізілетін жұмыс бағыттарын таныстырса, балабақша тәрбиешісі Ш.Кабанбаева табиғи тұзды бөлмеде тәрбиеленушілердің жалпы белсенділігін арттыру, иммундық жүйесін нығайтуға бағытталған жаттығулардан шебер-класс көрсетті.

Сонымен қатар, Панфилов ауданы «Киндер ленд» жекеменшік  балабақшасы меңгерушісі Г.Тохтахунова балабақшаны басқарудың тиімділігі, «Таңшолпан» балабақшасы меңгерушісі А.Смагулова балабақшадағы инновациялық әдіс-тәсілдер,  «Балдырған» балабақшасы меңгерушісі А.Бурлибаева педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың өзектілігін және «Алтын сақа» жекеменшік балабақаша әдіскері Ж.Аюпова балабақшадағы әдістемелік қызметті ұйымдастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шараға Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Кеген, Райымбек, Кербұлақ, Панфилов ауданының  мемлекеттік, жекеменшік балабақша меңгерушілері қатысты.