Функционалдық сауаттылық – сапалы білім беру кепілі

Функционалдық сауаттылық – сапалы білім беру кепілі

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Қаратал ауданы, М.Горький атындағы орта мектеп базасында «Функционалдық сауаттылық – сапалы білім беру кепілі» тақырыбында  аймақтық тәжірибелік семинарын ұйымдастырды.

Семинар барысында Қаратал ауданының педагогтері Python программалау тілінде олимпиада есептерінің шешу жолдарын, Arduino платформасында жұмыс жасау принциптерін және https://logic.lu/demo/, Sweet Home 3 D сайтының мүмкіндіктерін таныстырды.

Семинар  жұмысына Талдықорған, Текелі қалалары мен Көксу, Қаратал, Ескелді аудандарының информатика пәні және ассоциация мүшелері қатысты.