Инновациялық технологиялар-заманауи мұғалімнің табыс векторы

Инновациялық  технологиялар-заманауи мұғалімнің табыс векторы

«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасын іске асыруда Қарасай ауданы, Б.Қосынов атындағы орта мектебінде «Инновациялық  технологиялар-заманауи мұғалімнің табыс векторы»  облыстық семинары ұйымдастырылды.

Мақсаты:   Заманауи білім беру технологияларын жүзеге асыруда  педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуына ықпал ету.

Семинар «Тәжірибе», «Жаңалық», «Талантты және шығармашыл,  ыңтымақтастық» алаңдарында өтті.  Мектеп директорының ғылыми - әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары С.Канагатова «Оқытудағы метапәндік тәсіл-білім сапасын арттыру құралы», «Ассистенттердің көмегімен сабақ жүргізу» жобаларын таныстырды.  «Жаңалық»  алаңында мектеп психологы Н.Скакова, дефектологтар Ж.Омарова мен А.Бакиева «Эмоция әлемі», «Сенсорлық интеграция - балаларды  дамытуға тиімді әдіс» тақырыбында  өз іс тәжірибелерімен бөлісті.  Диалогтық алаңда Алматы қаласындағы НЗМ ДББҰ ПШО тренері А.Алимов  «Оқыту үдерісін жоспарлау» тақырыбына педагогтермен ой бөлісті. «Талантты және шығармашыл, ынтымақтастығы» алаңында  «Шеберлер құпиясы» TEDx  форматында жас мамандар мектебінің  жұмысын көрсетті.

Семинарға Райымбек, Қарасай, Іле  аудандарының мектеп директорлары, директордың орынбасарлары және пән мұғалімдері қатысты.