
Ағымдағы жылдың 05 мамырында Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстық мекемелердің мамандары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 12 қарашадағы №561 "Педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" бұйрығын түсіндіру мақсатында онлайн семинар – кеңес өтті.
Семинар-кеңес барысында мұғалімдердің ҰТО өтуі, сондай-ақ аттестацияға құжаттарды дайындау бойынша сұрақтар талқыланды.
Семинарға «Ustudy» өңірлік тестілеу орталығының Алматы облысы бойынша үйлестірушілері қатысты.