Ауыл мектебінде білім берудің smart ортасын құру

Ауыл мектебінде білім берудің smart ортасын құру

Табысты білім беру моделін құру, мектеп басшыларының стратегиялық және жобалық басқару саласындағы құзыреттілік деңгейін арттыруда Іле ауданы, №38 мектеп-гимназиясында «Ауыл мектебінде білім берудің SMART ортасын құру» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.

Семинарға «Аманат» қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ұлттық ұстаз онлайн» академиясының директоры Г.Курганбаева қатысты. №38 мектеп-гимназия директоры Г.Аскарбаева «Ауыл мектебінде білім берудің SMART ортасын құру» жобасының жол картасын іске асыру және SMART тренажермен таныстырды.

Аталған жобаны іске асыруда мектеп-гимназия педагогтері: Л.Нарымова, О.Адилханов, М.Абдиманапова, Ж.Мухамадиева тиімді тәжірибелерін ұсынса, мектеп тренері Л.Абилова «Мұғалімнің IT–құзыреттілігі - сандық ұрпақ оқытудағы интерактивті ортаны құрудың құралы тақырыбында коучинг өткізді.