
Тарих сабағында білім беру платформаларын тиімді қолдануда тәжірибе алмасу мақсатында Талдықорған қаласы, № 21 орта мектеп базасында «Тарих пәнін оқытуда білім беру платформаларының тиімділігі» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда Ақсу, Алакөл, Ескелді, Сарқан аудандары мен Текелі қаласының пән мұғалімдері жас мамандарға Quiziziz, Wordwall, learningapps.org, mind map, Google Earth, QR - кодты білім беру процесінде пайдалану, тапсырмалар құрастыру жолдарын тәжірибеде көрсетті.