
География пәні ассоциация жетекшілері мен пән мұғалімдеріне арналған «Мектепте туристік-өлкетанушылық, экологиялық және ғылыми-жобалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинарға Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандарының педагогтері қатысты.
Аталған шарада қатысушылар сыныптан тыс сабақтарға қатысып, мектепте туристік-өлкетанушылық іс-шараларды, оқушылардың зерттеу жұмысын тиімді жүргізу жолдары, мектеп туризмін дамыту мәселелері төңірегінде ой бөлісті.
Семинардың екінші бөлімі «Жетісу Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мұражайы, «Таңбалы Әулиетас», «Осинова шатқалы» табиғи орындарына ұйымдастырылған танымжорықтарға ұласты.