
Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы, туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы және жастар ресурстық орталығының қолдауымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «құқық және экономика» факультетінің «Экономика және сервис» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттік форумын өткізді.
Форумның жастарға басты мақсаты туризм саласын насихаттау және студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға өткізілді. Іс-шараға Zhansugurov college, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің, Жаркент Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері, Текелі кәсіптік колледжінің студенттері қатысты. Форум қорытындысы бойынша 60 қатысушыға арнайы дайындалған сыйлықтар мен дипломдар табысталды.