
Ағымдағы жылдың 25-27 қараша күндері "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық акциясы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен Талдықорған қаласында "Қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бірлесіп қарсылық білдіреміз» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына халықаралық ұйымдар, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан республикаларының спикерлері, үкіметтік емес ұйымдар, күш құрылымдары, мемлекеттік органдар өкілдері, оқушылар, студенттер, мұғалімдер, педагог-психологтар, қорғаншы және қамқоршы органдар, ата-аналар, жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қоғам өкілдері, журналистер, барлығы 5 300 адам қатысты.