Білім негізі – бастауыш мектеп

Білім негізі – бастауыш мектеп

2022 жылдың 28 сәуірінде  бастауыш сыныпта оқытудағы білім берудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында «Білім негізі – бастауыш мектеп» тақырыбында ұйымдастырылған жалпы білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.

Теориялық алаңда Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А.Адамбекова, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Педагогика және психология жоғарғы мектебі деканы, п.ғ.д., профессор Қ.Ыбырайымжанов,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, бастауыш білім беру бағдарламаларының жетекшісі, п.ғ.д., профессор  Ә.Жұмабаева, Талдықорған қаласы Зерделі ақыл-ой дамыту орталығының директоры А.Сыздықов  және жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Семинар жұмысы шеберлік алаңдармен жалғасып, бастауыш сыныпта білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың заманауи әдістері, пәндерді тереңдетіп оқытудағы білім сапасын арттыру, білім алушылардың математикалық сауаттылығы, стандартты емес есептерді шығару жолдарымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.