Оқу процесін тиімді ұйымдастыруда педагогтердің коллобаративті ортасын құру

Оқу процесін тиімді ұйымдастыруда педагогтердің коллобаративті ортасын құру

Оқу процесін тиімді ұйымдастыруда  педагогтердің коллобаративті ортасын құру және тәжірибе алмасу мақсатында  диалогтік алаң өтті.

Диалогтік алаңда №2 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің педагогика пәні оқытушысы, педагогика, психология магистрі Э.Ташиева, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Г.Аймуханбетова, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Рамазанов, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық, Талдықорған жоғары политехникалық колледждерінің оқытушылары А.Оразхан, Д.Тумабаева интербелсенді әдіс-тәсілдер, кәсіби құзыреттілік, сандық білім беру ресурстары, коллобаративті орта құру, саралап оқытудың мүмкіндіктері тақырыбында тәжірибелерін көпшілікке ұсынды. Диалогтік алаңға қатысқан педагогтер талқылау сұрақтары төңірегінде өз ойларын ортаға салды.