
Республикалық «Үздік психолог» байқауы жүлдегерлерінің тәжірибесін тарату мақсатында постер сессия алаңы Талдықорған қаласы, №17 орта мектебі базасында өтті.
Аталған шарада Талдықорған қаласы М.Жумабаев атындағы №19 ОМГ педагог-психологі М.Кабылбекова бастауыш сынып оқушыларының ұсақ қол моторикасын дамыту ерекшеліктері, Қапшағай қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №1 ОМ педагог-психологі А.Компаниец арт-терапия элементтерін пайдалана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың эмоционалдық және ерікті сферасын түзету, Қарасай ауданы Алмалыбақ ОМГ педагог-психологі Б.Аймаш буллинг және алдын алу жолдары, Алакөл ауданы Қант зауыты ОМ педагог-психологі А.Кыдырбаева инклюзиядағы психологиялық қабілеттерді дамытудағы лагенарияның маңызы, Қаратал ауданы Лермонтов атындағы ОМ педагог-психологі Т.Липаева постер-кеңес - ата-аналармен өзара әрекеттесудің тиімді түрлерінің бірі ретінде, Текелі қаласының №6 ОМ педагог-психологі З.Тулегенова девиантты мінез-құлықты балалармен жеке түзету- дамыту жұмыс жүйесі, Ескелді ауданы Т.Рүстембеков атындағы ОМ педагог-психологі К.Долдабаева 5-сыныптағы түзету-дамыту жұмыстары, Талғар ауданы 12 ОМ педагог-психологі М.Естемесова отбасы бақыт мекені, Ескелді ауданы Жастар НОМ педагог-психологі Г.Декембаева білім алушыдағы психикалық сәтсіздіктің алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімділігі, Ескелді ауданы Мелькомбинат НМ педагог-психологі С.Касенова білім беру ұйымдарындағы қатер тобындағы оқушыларды анықтау және алдын алу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскері Д.Қыдыкенова «Түзету-дамыту бағдарламасын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсыныстар» тақырыбында түзету-дамыту бағдарламасын құрастыру бойынша қойылатын талаптар туралы таныстырылым жасап, қатысушылармен кері байланыс орнатты.