«Қабылдаушы ата-аналарды бейімдеу» облыстық семинар

«Қабылдаушы ата-аналарды бейімдеу» облыстық семинар

Облыстық Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың отбасылық нысандарын дамыту мақсатында білім басқармасы ағымдағы жылдың 15 сәуірінде «Ана үйі» қоғамдық қоры өкілінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшылары мен педагог-психологтары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық органдары мамандарының қатысуымен «Қабылдаушы ата-аналарды бейімдеу» облыстық семинар өткізді.