«Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқуындағы қиындықтарын анықтау және шешу жолдары» оқыту семинары

«Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқуындағы қиындықтарын анықтау және шешу жолдары» оқыту семинары

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және жалпы орта білім беру ұйымдарындағы арнайы педагогтарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ескелді, Көксу және Қаратал аудандарының жалпы орта білім беру ұйымдарының  арнайы педагогтері мен педагог-логопедтеріне арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқуындағы қиындықтарын анықтау және шешу жолдары» оқыту семинары өтті.

Семинар барысында №12 ОПМПК мамандары арнайы білім беру жүйесінде тілдік және психофизиологиялық бұзылыстарды диагностикалау әдістері мен ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша таныстырылым жасап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.