«Тәрбиешінің кәсіби шеберлігі - тәрбие жұмысының сапасын көтеру негізі» диалогтік алаң

«Тәрбиешінің  кәсіби шеберлігі - тәрбие  жұмысының сапасын  көтеру  негізі» диалогтік алаң

Балалар үйі мен мектеп-интернаттарда тәрбие жұмысын тиімді үйлестіруде өзекті мәселелерді талқылау, өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Тәрбиешінің  кәсіби шеберлігі - тәрбие  жұмысының сапасын  көтеру  негізі» диалогтік алаң өтті. 

Шара барысында тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, тәрбиеленушілер бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда көркем әдебиеттердің рөлі, тәрбиеленушілердің бос уақытындағы әрекетін мақсатқа бағыттау және түзету-дамыту әдістері арқылы тәрбиеленушілердің дағдыларын қалыптастыру тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.