
«Табысты басшы» жобасы аясында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 21 сәуірінде Талдықорған қаласы, №14 орта мектеп гимназиясы базасында Еңбекшіқазақ, Алакөл, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған қаласы мектеп басшыларына арналған белсенді топ шебер-класс алаңының облыстық кезеңі өткізілді.
Шебер-класс алаңы жұмысына 5 (бес) мектеп басшысынан құрылған аймақтық кезеңнің жеңімпаздары Еңбекшіқазақ, Алакөл, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған қаласы белсенді топтары өз тәжірибелерін ұсынды.
«НЗМ» «ДББҰ» Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласындағы филиалының директоры Б.Асубаев шебер-класс жүргізген белсенді топтарға кері байланыс жасады.
Жұмыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапаттады.
І орын - Алакөл ауданы;
ІІ орын - Еңбекшіқазақ ауданы;
ІІІ орын - Ұйғыр ауданы;
ІІІ орын - Талдықорған қаласы.