Lesson study зерттеу сабағын тиімді ұйымдастыру

Lesson study зерттеу сабағын тиімді ұйымдастыру

«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасын іске асыруда дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М.Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінде  «Lesson Study зерттеу сабағын тиімді ұйымдастыру іс-тәжірибесінен» тақырыбында  магниттік мектептер арасында әдістемелік алаң ұйымдастырылды.

Зерттеу сабақтарының 4 кезеңінде қазақ тілі, ағылшын тілі, математика, география, денешынықтыру пәндерінен  көрнекі сабақтар өткізілді. Кафедра бойынша зерттеу сабағының әр кезеңі бойынша атқарылған жұмыстардың есебі берілді. Әдістемелік алаңға қатысқан мұғалімдермен mentimeter.com платформасы арқылы кері байланыс жүргізілді.

Әдістемелік алаңға облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, «НЗМ»ДББҰ Талдықорған қаласы ПШО филиалының тренері және Ақсу, Көксу аудандарының магниттік мектептердің мұғалімдері қатысты.