
Орта білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Жобаларды іске асыру - тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу вебинары өтті.
Аталған шарада облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері С.Қуанышбаев жоба жұмыстарын жүргізу маңыздылығы туралы таныстырылым жасады. Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еділ Мадина «Рухани жаңғыру орталығы» жобасы, Жамбыл ауданы, Ү.Кәрібаев атындағы ОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Батырбаева мектепте тәрбие жұмысын жүргізуде жоба жұмыстарының тиімділігі, Талдықорған қаласы, №21 ОМ мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бекишева құндылықтарға бағыталған тәрбие жүйесіндегі жобалық менеджмент туралы іс тәжірибелерімен бөлісті.