
2022 жылдың 15 сәуірінде білім басқармасы аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен «Білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру бойынша» тақырыбында онлайн форматта жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында білім басқармасы басшысының м.а. Ж.Сүлейменова білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс- қимылдарға жол бермеу бағыттарында шараларды талқылау және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайту бойынша түсініктер берілді.