
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына орта білім беру ұйымдарында тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Құндылыққа негізделген тәрбие процесін ұйымдастыруда заманауи ұстанымдар» облыстық семинары өтті.
Аталған шарада ата-ана, оқушы, лицей үштігі, құндылықтарды сабаққа енгізу және жоспарлау, педагогтің тиімді байланысы, білім алушылар мен ата-аналарына және педагогтерге психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүргізу бойынша «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті.