«PYTHON программалау тілінің ерекшеліктері» тәжірибелік семинары

«PYTHON программалау тілінің ерекшеліктері»                                                         тәжірибелік семинары

Ескелді ауданы, Байысов ауылы, Рүстембеков атындағы орта мектеп базасында «Python программалау тілінің ерекшеліктері» атты аймақтық тәжірибелік семинары өтті. Семинар барысында Ескелді ауданының информатика пәні мұғалімдері Аrduino uno платасы мен жұмыс жасау принципін, python программалау тілінде ойындар құрастыру, Unity бағдарламасында жұмыс жүргізу, Python программалау тілінде QR –код жасау және  pythontutor платформасын таныстырды.

 Семинарға Талдықорған, Текелі қалалары мен Көксу, Қаратал, Ескелді аудандарының информатика пәні және ассоциация мүшелері қатысты.