Қ.Бітібаеваның «ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы бойынша оқыту түрлері

Қ.Бітібаеваның «ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы бойынша оқыту түрлері

Қанипа Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасымен бірлескен  «Қ. Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы» жобасын іске асыру мақсатында  Іле ауданы №26 орта мектебі базасында «Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы бойынша оқыту түрлері» тақырыбында семинар өтті.

Аталған шараға «Өрлеу» БАҰО АҚ «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі, PhDдокторы М.Бейсенбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. 

Семинар барысында  жобаға қатысушы №26 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Агманова,   бастауыш сынып мұғалімдері: М.Айтмухаева, Г.Кизатова  «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясын сабақта қолданудың тиімді жолдарын тәжірибелерінен ұсынды.

«Өрлеу» БАҰО АҚ «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі, PhDдокторы М.Бейсенбаева « Мәтінмен жұмыс-функционалдық оқу формаларын дамытудың негізі тәсілі» тақырыбында коучинг өткізіп, қатысушылармен тақырып аясында талқылау жүргізді.