Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің жаңа редакциясымен танысуы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің жаңа редакциясымен танысуы

Алматы облысының білім басқармасының қызметкерлері «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен» мемлекеттік қызмет саласында істейтін азаматтардың тәртіптік жауапкершілігін және  қызметтік Әдеп жөніндегі заңнаманы жетілдіре түсу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің жаңа редакциясымен танысты.

Жаңартылған Әдеп Кодексі қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттеріне негізделіп, өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық атмосферасын құруға бағдарланған қызметтік әдеп стандарттарын көздейтіні түсіндірілді.