
«BilimInvest», «КАНО» білім беру саласындағы инвесторлардың қауымдастығы мүшелігіне кірген жекеменшік балабақша әдіскерлеріне мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік қызметті жетілдіруде әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Балабақшада тәрбие мен оқыту үдерісін ұйымдастыруды әдістемелік қамсыздандыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Аталған шарада мектепке дейінгі ұйымдарда нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс, жылдық жұмыс жоспарын құру, әдістемелік қызметті тиімді жоспарлаудың маңыздылығы мен педагогтерге кәсіби қолдау көрсету бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.