
Сабақты жоспарлауда оқытудың тиімді әдістерін қолдану және тәжірибе алмасу мақсатында «Оқытудағы өнімді әдістер жән олардың тиімділігін бағалау» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Вебинарда «НЗМ» ДББҰ Талдықорған қаласындағы ПШО филиалының тренері Г.Казыгулова оқытудағы өнімді әдістер мен оларды тиімді бағалау бойынша өз тәжірибесін ортаға салса, Алматы облысы Жамбыл ауданы Б.Қыдырбекұлы атындағы орта мектептің химия, биология пәндері мұғалімі, педагог-шебер М.Адият білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытталған тапсырмалар үлгілерін көрсетті.