«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» диалогтік алаң

«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» диалогтік алаң

ХХІ ғасыр құзыреттері мен дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, педагогтер, кітапханашылар,  сынып жетекшілерге  арналған «Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» тақырыбында диалогтік алаң   өтті.

Аталған шара барысында құзыреттері мен дағдыларды дамытуға бағытталған инновациялық жұмыстар бойынша 1-алаңда мектеп директорлары «Білім сапасы: заманауи мектепте табысты  менеджмент құралдары», 2 - алаңда  директордың орынбасарлары «Орта білім берудегі трендтер», 5 - алаңда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаларына негізделген тәрбие процесін ұйымдастыруда заманауи ұстанымдар»,  6 - алаңда педагогтер, кітапханашылар «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру» мәселелері бойынша  тәжірибе алмасты.