Оқыту вебинары

Оқыту вебинары

PYTHON программалау тілі арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында оқыту вебинарын өтті.

Вебинар барысында Python программалау тілінің курсы бойынша Cisco халықаралық академиясының сертификатталған тренері, информатика мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының авторы Шаниев Ержан Булатұлы  8 сыныптың тапсырмаларын PYCHARM  бағдарламасымен шығару жолдарын көрсетті. Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді программалау бойынша Қарасай ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ж.Турмагамбетова 7 сыныпта өтетін тармақталған алгоритмдердің шешу жолдарын түсіндірді. Кербұлақ ауданы Д.Қонаев атындағы орта мектебінің информатика  пәні мұғалімі Төлеубайқызы Қазына python программалау тілінде pygame кітапханасы және артқы фон мен ойын кейпкерлерімен жұмыс жасау принциптерін көрсетті. Оқыту вебинарына барлығы 200 педагог қатысты.