Тәжірибелік алаң

Тәжірибелік алаң

Мектепке дейінгі ұйымдардың логопед, дефектолог, педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мектеп жасына дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балалардың танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында тәжірибелік алаң өтті.

Тәжірибелік алаңда Жамбыл ауданы №19 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің педагог-психологі М.Адильбаева мен дефектолог-сурдопедагогі Қ.Сүлеймен мектеп жасына дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балалардың танымдық үрдістерінің даму ерекшеліктері,  диагностикалау және түзету дамыту жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдерін ұсынса,  Талдықорған  қаласы №45 «Арман» балабақшасының педагог-психологі Т.Жақсылық балабақшада педагог-психологтың қызметін жоспарлау бойынша  өз тәжірибесімен бөлісті. Шараға мемлекеттік, жекеменшік балабақшалардың логопед, дефектолог, педагог-психологтері қатысты.