Әдістемелік сағат

Әдістемелік сағат

Алматы облысының білім басқармасы ағымдағы жылдың 7 сәуірінде  онлайн әдістемелік сағат өткізді. Әдістемелік сағаттың күн тәртібінде облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,  техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі әдіскерлері  Р.Тумаева, Ш.Исаханова мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары («Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»), тізілімге  енгізілетін ТжКББ білім беру бағдарламалар паспорты туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған шараға аудандық, қалалық білім бөлімінің басшылары, оқу-әдістемелік орталықтың аға әдіскерлері, колледж директорлары және директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары қатысты.